Pfizer биыл 54 миллиард долларлық кіріс түсіреді

Америка дәрі фирмасы Pfizer  2021 жылының 4-ші тоқсандығына байланысты кірістерін жариялады.

1775852
Pfizer биыл 54 миллиард долларлық кіріс түсіреді

Америка дәрі фирмасы Pfizer жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцинасы мен дәрі-дәрмектен биыл 54 миллиард долларлық кіріс түсіруді күткенін мәлімдеді.  

Pfizer  2021 жылының 4-ші тоқсанына байланысты кірістерін жариялады.

Мәлімдемеде фирманың өткен жылғы соңғы тоқсанында түскен кірісінің 2020 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда 105 пайыз артып, 23,8 миллиард долларға ұласқаны білдірілді. 

Pfizer-дің кірісі  2021 жылы да өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсіп,  81,3 миллиард долларға жетті. 

Мәлімдемеде фирманың биылғы кірісінің 98 миллиард доллар мен 102 миллиард доллар арасында болатыны мәжеленуде. 

Мәлімдемеде  Америка дәрі фирмасы Pfizer-дің Германия биотехнология фирмасы BioNTech-пен бірге  жетілдірілген Ковид-19 вакцинасы мен дәрі-дәрмектерінен жиыны 54 миллиард долларлық кіріс түсіруі күтілгені баяндалды. 

 



Ұқсас жаңалықтар