Адана-Эрбиль ұшақ рейсі басталады

"AnadoluJet" 99 доллардан басталған арнайы бағасымен саяхат мүмкіндігін ұсынады.

1773539
Адана-Эрбиль ұшақ рейсі басталады

Түрік Әуе Жолдарының маркасы "AnadoluJet" 17 наурызда Адана-Эрбиль ұшақ рейсіне бастайды.

Түрік Әуе Жолдарының баспасөз хатшылығынан жасалған мәлімдемеде 17 наурызда басталатын Адана-Эрбиль арасындағы өзара ұшақ рейсі аптада екі күн наурызда бейсенбі мен жексенбі, одан кейінгі айларда сейсенбі мен жұма күндері болатыны білдірілді.

Орташығыстың ең жанды қаласы болу ерекшелігімен тарих бойынша ең көп өркениетке үй иесі болған Эрбиль теңдесіз сәулет өнері және мәдениет пен өнерді тоғыстыруымен көзге түседі.

Жыл сайын наурызда ұйымдастырылатын Халықаралық Эрбиль Мәдениет фестивалі жергілікті және шетелдік туристерді қызықтырады. 

"AnadoluJet" 99 доллардан басталған арнайы бағасымен саяхат мүмкіндігін ұсынады.

"AnadoluJet" жолаушылары 31 наурызда алған билеттерін 31 мамырға дейін өзгерту мүмкіндігіне де ие болады.

"www.anadolujet.com" интернет парақшасынан мәлімет алатын жолаушылар алған билеттерін қайтару, өзгерту жолдарын «Икемді билет құқығы» бетінен табады.



Ұқсас жаңалықтар