Құбыр желісі де санкция қатарында болады

Еуропа Одағы Солтүстік ағын-2 табиғи газ құбыр желісінің де санкциялар арасына енетінін білдірді.

1773607
Құбыр желісі де санкция қатарында болады

Еуропа Одағы Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Ресей Украинаны басып алатын болса,  Солтүстік ағын-2 табиғи газ құбыр желісінің де санкциялар арасына енетінін білдірді.

Фон дер Ляйен неміс және фрунцуз газеттеріне берген ортақ сұхбатта Еуропа Одағының Украина басып алынған жағдайда Ресейге қарсы «ауқымды» санкция пакетін дайындағанын хабарлады.

Ол «Ресейден Еуропаға созылған Солтүстік ағын-2 табиғи газ желісі Ресейге қары санкция тізімінен тыс қалмайды» деді.

Ресейге қарсы «мықты» және «ауқымды» экономикалық санкция пакетін дайындағандарын білдірген еуропалық лауазым иесі пакет ішінде шетелдік капиталға қолжетімділіктің шектелуі және экспорт бақылауы бар екенін атап көрсетті. Ол құбыр желісінің іске кірісіп кіріспеуінің Мәскеудің қимылдарына байланысты екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар