Індеттен аз зиян шеккен елдердің бірі - Түркия

Коронавирус індеті туризм саласына соққы енгізді.

1740713
Індеттен аз зиян шеккен елдердің бірі - Түркия

Коронавирус індеті 2021 жылы да әлемдегі туризм саласына соққы енгізді.  Осы дағдарыстан аз зиян шеккен елдердің бірі Түркия болды.

Орталығы Испанияның бас қаласы Мадридте болып табылатын БҰҰ Бүкіләлемдік Туризм ұйымының 2021 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде халықаралық саяхат еткен адам саны жылдың соңында 375 миллионға жетеді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 75 пайыз аз.

Азия және Тынық мұхиты, Африка және Таяу Шығыс елдеріне қарағанда Еуропа мен Америка Құрама Штаттары турист санында аз зиян шекті.

Биылғы үшінші тоқсан деректеріне сәйкес әлемдегі туризм дестинациялары арасында ковид-19 індетінен аз зиян шеккен елдер Хорватия, Мексика және Түркия деп тіркелді.

Індеттен бұрынғы 2019 жылғы көрсеткіштерге жету бойынша Хорватия 81, Мексика 80 және Түркия 65 пайыз болды.



Ұқсас жаңалықтар