Кушадасына круиз кемесі тоқтады

Кушадасына келген үлкен туристік кемедегі жолаушылар қаланы аралады, сауда жасады.

1734723
Кушадасына круиз кемесі тоқтады

Айдынның Кушадасы ауданындағы Эгей порт кемежайына круиз кемесімен 90 турист келді.

Бахама байрағын асқан "Norwegian Jade" атты кемедегі көпшілігі Америка азаматы туристер кемежайға келді.

Кушадасы Эгей порт кемежайына тоқтаған кемедегі туристтердің бір бөлімі Эфес, Мариям Ана, Дидим және Милет сынды тарихи жерлерді аралады, кейбір саяхатшылар да аудан орталығындағы тарихи мекендерді аралады, сыйлықтар алды.

Эгей порт кемежайының директоры Азиз Гүнгөр 15 қабатты кеменің  ұзындығы 295 метр, ені 33  метр екенін айтты.

Круиз туризмінің жандануы қуанышты хабар екенін айтқан Гүнгөр:

"2022 жылы Кушадасы кемежайы тұрғысынан даму жылы болмақ. Қиын күндерді артқа тастап, жылдам өсетін бұрынғы күндерге оралуды тілеймін" деді.



Ұқсас жаңалықтар