Түркияның жүзім экспорты артты

Маниса-Измир-Денизли аймағында 60 мың өндіруші 1 миллион 100 мың гектар жүзім бағы алаңдарында «Сұлтание» атты жүзім өсірді.

1731489
Түркияның жүзім экспорты артты

Түркияның жүзім экспорты қаңтар-қазан маусымында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 36 пайыз артып, 118 миллион доллардан 160  миллион долларға ұласты.

Эгей жеміс-жидек экспортшылар одағы төрағасы Хайреттин Учак жасаған жазбаша мәлімдемесінде Маниса-Измир-Денизли аймағында 60 мың өндірушінің 1 миллион 100 мың гектар жүзім бағы алаңдарында «Сұлтание» атты жүзім өсіргенін білдірді.

Учак жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарамастан жүзім сұраныстың артқанын және Түркияның 2020 жылы 158 миллион долларлық жүзім экспортын жасағанын баяндады.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар