Түркияның жеміс-жидек экспорты артты

Түркиядан ең көп цитрус экспорт етілген ел 150 миллион 456 мың доллармен Ресей болды.

1723765
Түркияның жеміс-жидек экспорты артты

Түркияның жылдың алғашқы 9 айындағы цитрус экспорты өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырған 14 пайыз артып 427 миллион 29 мың долларға жетті.

Жерорта теңізі Экспортшылар одағының санағына қарағанда өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары арасындағы экспорт 727 мың 601 тоннаға жетсе, биыл бұл мөлшер 15 пайыз артумен 840 мың 216 тоннаға көтерілді.

Сектордың өткен жылы 9 айдағы экспорты 373 миллион 678 мың доллар болса, 2021 жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында 14 пайыздық артумен 427 миллион 29 мың долларға жетті.

Секторда ең көп экспорты жасалған лимоннан 184 миллион 30 мың доллар кіріс кірді.

146 миллион 775 мың доллармен мандалин екінші, 51 миллион 257 мың доллармен грейпфрут үшінші және 44 миллион 798 мың доллармен апельсин төртінші орынды иеледі.

Түркиядан ең көп цитрус экспорт етілген ел 150 миллион 456 мың доллармен Ресей болды.

Иран екінші, Украина үшінді орынды иеледі.

 



Ұқсас жаңалықтар