Ресейге таза жеміс-жидек пен көкөніс экпорты 31%-ға өсті

Экспорттаушылар Ресейге жылдың 9 айында 834 мың 998 тонна өнім жіберді.

1720767
Ресейге таза жеміс-жидек пен көкөніс экпорты 31%-ға өсті

Түркия ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 2 миллиард 15 миллион долларлық таза жеміс-жидек пен көкөніс экспортының 31 пайызын 627 миллион 442 мың доллармен Ресейге жасады.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркиядан таза жеміс-жидек пен көкөніс экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға артып, 2 миллиард 15 миллион долларға жетті.

Экспорттың 31 пайызы өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 15 пайызға артып, 627 миллион 442 мың доллармен Ресейге жасалды. Экспорттаушылар осы елге жылдың 9 айында 834 мың 998 тонна өнім жіберді.

Экспортта Ресейдің артынан 238 миллион 24 мың доллармен Германия, 158 миллион 306 мың доллармен Румыния, 155 миллион 939 мың доллармен Ирак және 113 миллион 898 мың доллармен Украина келеді.

Қаңтар-қыркүйек кезеңінде саланың ең көп экспорттаған өнімдері арасында 264 миллион 759 миллион доллармен қызанақ, 184 миллион 30 мың доллармен лимон және 184 миллион 5 мың доллармен шие болды.



Ұқсас жаңалықтар