Жүк таситын дрондар үшін маршрут айқындалды

Дрон транспортының шарттары ережеге сәйкес болады.

1716745
Жүк таситын дрондар үшін маршрут айқындалды

Түркияда карго дрондар үшін дайындықтар аяқталып қалды. Азаматтық Авиация бас дирекциясы алдымен Стамбул-Ескишехир-Анкара желісінде дрон транспортының авиация дәлізінің маршрутын айқындады.

Түркия Телерадио корпорациясына мәлімдеме жасаған Азаматтық авиация бас директоры Кемал Юксек модельдік жұмыстың алдымен Стамбул-Ескишехир-Анкара желісі үшін дайындалғанын айтты.

Дронмен жүк тасымалдау әлемде бірінші рет жүзеге асады.  Дрон транспортының шарттары ережеге сәйкес болады. Қай маршрутта ұшатыны, дрондардың ұшу биіктігі және көтерілу-қону пункттері алдын ала анықталады.

Түркияда қазірге дейін 50 мыңнан астам дрон тіркелген. Лицензия берілген ұшқыш саны да 600 мың шамасында.



Ұқсас жаңалықтар