Ұлыбританияда жанармай дағдарысы

Ұлыбританияда жанармай құю бекеттерінде кезек көбейді.

1713839
Ұлыбританияда жанармай дағдарысы

Ұлыбританияның астанасы Лондонда кейбір жанармай стансасында кезек өте көп. Кей бекеттер мүлдем жабылып қалған. Бұған автоцистернамен сұйық отын жеткізетін жүргізушілердің тапшылығы себеп. Енді тұрғындар бірнеше күнге қамдануға тырысып, жағдайды одан әрі ушықтырды.  Билік халықты сабыр сақтауға шақырады. Көлік министрі жағдайды пандемиямен байланыстырады. Өйткені жүргізушілер уақытылы тексерістен өтпегендіктен, ресми түрде жұмысқа кірісе алмай қалған. Мәселені шешу үшін Үкімет жақын арада шетелден келетін жүргізушілерге 5 мың виза беруге ниетті.



Ұқсас жаңалықтар