Автокөлік экспорты 14 пайызға өсті

Автокөлік саласында алғашқы сегіз айда өндіріс пен экспорт 14 пайызға өсті.

1705764
Автокөлік экспорты 14 пайызға өсті

Түркияның автокөлік өнеркәсібі экспорты қаңтар-тамыз кезеңінде жалпы экспорт көлемінде 13,4% үлесімен бірінші орынын сақтап қалды.

Автокөлік өнеркәсібі қоғамы (OSD) қаңтар-тамыз кезеңіндегі өндіріс пен экспорт туралы мәліметтерді жариялады.

Мәлімдемеге қарағанда Түркияның жалпы автокөлік өндірісі жылдың сегіз айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсіп, 814 мың 520 дана болып жүзеге асты.

Автокөлік экспортының жалпы көлемі тамыз айының соңында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сандық тұрғыдан 14 пайызға артып, 595 мың 425 данаға жетті.

Түркия Экспорттаушылар одағының мәліметтеріне қарағанда автокөлік өнеркәсібі экспорты қаңтар-тамыз кезеңінде жалпы экспорт көлемінде 13,4% үлесімен бірінші орынын сақтап қалды.



Ұқсас жаңалықтар