Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Трабзоннан осы жылдың алғашқы 7 айлық мерзімінде 438 миллион 301 мың 333 долларлық орман жаңғағы экспорт етілді.

1690950
Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз орман жаңғағы экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеге қарағанда түрік фирмалары осы жылдың қаңтар-шілде мерзімінде 169 мың 460 тонна орман жаңғағын шетелге сатумен 1 миллиард 170 миллион 439 мың доллар кіріс түсірді.  

Осы мерзімде орталығы Трабзонда болған фирмалар 60 мың 155 тонна орман жаңғағы экспорты арқылы 438 миллион 301 мың 333 доллар кіріс түсірді.  

Аталмыш кезеңде Трабзоннан орман жаңғағын экспорт ел саны 59 болды. 

Ең көп орман жаңғағы сатылған елдер ретімен Италия, Германия және Франция.



Ұқсас жаңалықтар