Түркияның лимон экспорты артты

Қаңтар-шілде айлары арасында 286 мың 855 тонна лимон сатылды.

1689465
Түркияның лимон экспорты артты

Түркияның лимон экспорты 7 айда 59 пайыз артты. 147 миллион 964 мың долларға жетті.

Жерорта теңізі экспортшылар одақтарының деректеріне қарағанда, цитрус тұқымдастарда биылғы қаңтар-шілде айларында 734 мың 791 тонна экспорт жасалды.  Осы кезеңде 382 миллион долларлық табысқа ең көп үлес лимон экспортынан келді. Қаңтар-шілде айлары арасында 286 мың 855 тонна лимон сатылып, 147 миллион 964 мың доллар табыс табылды.

Экспортта лимоннан кейін 141 миллион 982 мың доллармен мандарин, 51 миллион 229 мың доллармен грейпфурт, 40 миллион 827 мың доллармен апельсин келеді.

Лимон ең көп Ресей, Ирак, Румыния, Украина және Сербияға сатылды.

 



Ұқсас жаңалықтар