Түркияның таза жеміс-көкөніс экспорты рекорд жаңартты

Түркияның таза жеміс-көкөніс экспорты соңғы 12 айдың ішінде 3 миллиард доллардан асты.

1687485
Түркияның таза жеміс-көкөніс экспорты рекорд жаңартты

Түркияның таза жеміс-көкөніс экспорты 2020 жылдың қаңтар-шілде кезеңінде 1 миллиард 363 миллион доллар болып тіркелді. Биылдың бірдей кезеңінде болса сұраныстың артуымен экспорт 20 пайызға артып, 1 миллиард 638 миллион долларға жетті.

Саланың әдеттегі нарығы Ресей экспортта бірінші орынды иеледі. Бұл елге 527 миллион доллар экспорт жасалды.

Ресейдің артынан 186 миллион доллармен Германия мен 141 миллион доллармен Румыния орын алады.

Өнім тұрғысынан болса 220 миллион доллармен қызанақ бірінші орын болса, 183 миллион долларлық шие мен 148 миллион долларлық лимон экспортталды.



Ұқсас жаңалықтар