Путин АҚШ-ты айыптады

Путин АҚШ-тың бюджет бостығын толтыру үшін доллар басуы бүкіл жаһандық экономикаға әсер жасайтынын айтты.

1681133
Путин АҚШ-ты айыптады

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бюджет бостығын толтыру үшін доллар басуы бүкіл жаһандық экономикаға әсерін тигізгенін айтты.

Путин орыс лауазымдылармен өткізген видео конференция жиналысында экономикалық жағдайды бағаландырды.

АҚШ-та инфляцияның 5 пайыздан асқанын айтқан Путин:

"АҚШ-та екі жылдын бері 15 пайыз бюджет бостығы бар. Бұл қалай жабылады? Ақша басу арқылы қарыз төлеу инфляцияны арттырады. АҚШ экономикасының және доллардың резерв ақша ретіндегі маңызын ескергенде АҚШ-тың бюджет бостығын толтыру үшін доллар басуы бүкіл жаһандық экономикаға әсер жасайды" деді.

Орыс экономикасының Ковид-19 індетінің әсерінен қалай құтылатынын кеңесу керектігін айтқан Путин:

"Жаһандық экономиканың жандануы бір тұтас жалғасуда. Алайда осы процесте инфляция қаупі де жалғасуда" деді.



Ұқсас жаңалықтар