Франция Түркияны "қызыл тізімнен" шығарды

Франция «қызыл елдер» тізімінен Түркияны шығарды.

1660028
Франция Түркияны "қызыл тізімнен" шығарды

Франция коронавирус пандемиясы шеңберінде саяхат шектемесі келтірілген «қызыл елдер» тізімінен Түркияны шығарды.

Түркияның Франциядағы өкілетті елшісі Али Онанер Түркияның «қызыл елдер» тізімінен шығып,  «қызғылт» тізіміне енгенін білдірді.

Елші «Жолға шығатын барша азаматтарға денсаулық тілеймін» деді.

Осылайша Түркиядан Францияға баратын жолаушылар үшін он күндік карантин шарты алынып тасталды.

Франция эпидемиялық жағдайға байланысты елдерді жасыл, қызғылт және қызыл деп үш тізімге бөлді. Жасыл тізімдегі елдерде вирустың белсенді түрде таралмағаны, қызғылт тізімдегі елдерде вирустың бақылауға алынғаны,  қызыл тізімдегі елдерде вирустың белсенді таралғаны қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар