Әуе қатынасын талқылау үшін орыс делегациясы келеді

Екі ел арасындағы әуе қатынасы әзірге жабық тұр.

1659148
Әуе қатынасын талқылау үшін орыс делегациясы келеді

Орыс делегациясы Түркиямен әуе қатынасының ашылуына байланысты жағдайды талқылау мақсатымен Түркияға келеді.

Ресей Федерациясы Денсаулық және тұтынушы құқықтарын қорғау қызметі хабарлама жариялап: «Ресей және Түркия арасында бұдан бұрын жүргізілген келісімдер шеңберінде орыс делегация коронавирус жағдайын талқылау мақсатымен Түркияға барады» деп білдірді.

Сапар нәтижесіне сәйкес әуе қатынасының қайта басталуы және туризм қызметтерінің қамдалуына байланысты шешімдер қабылданады.

Ресей Түркиямен арадағы барлық рейстерді 15 сәуір-1 маусым арасында шектеуге шешім қабылдап,  артынан осы шешімді 21 маусымға дейін созған болатын.



Ұқсас жаңалықтар