Қытайға баратын 2 пойыз жолға шықты

Грузия, Әзербайжан, Каспий теңізі және Қазақстаннан өтетін пойыздар жалпы 8 мың 693 километр жол басады, мөлшермен екі аптада Қытайдың Шиан қаласына жетеді.

1644850
Қытайға баратын 2 пойыз жолға шықты

Түркиядан Қытайға жүк тасымалдаған 6-шы және 7-шы экспорт пойыздары Кожаелиден жолға шықты.

Жалпы 41 контейнерден құралған және жергілікті өнімдер 2 мың 250 тонна меламинге арналған бөлшектер тақтасын тасыған екі пойызды дайындықтарын аяқтағаннан кейін Түркия сағатымен 15:00-де басшылар мен қызметкерлер шығарып салды.

Грузия, Әзербайжан, Каспий теңізі және Қазақстаннан өтетін пойыздар жалпы 8 мың 693 километр жол басады, мөлшермен екі аптада Қытайдың Шиан қаласына жетеді.

Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі және "Темір Жібек жолы" аталған Орталық дәлізден жасалған экспорт тасымалында жүктің түрі де көбеюде. Осының алдында тасымалданған тоңазытқыш, салқындатқыш, бор кен өнімдері сияқты өнімдерге жаңа жүк түрі де қосылып, Қытайға меламинге арналған бөлшектер тақтасы экспорт етіле бастады. 

Түркиядан Қытайға жүк тасымалдаған алғашқы экспорт пойызы Қатынас және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу қатысқан рәсіммен 2020 жылы 4 желтоқсанда Стамбұлдан аттанып, 2 құрлық, 2 теңіз, 5 елден өтіп 2020 жылы 19 желтоқсанда Қытайдың Шиан қаласына жеткен болатын. 

Орталық дәліз арқылы Түркиядан Қытайға 5 пойыз 201 вагон және 216 контейнермен 8 мың 500 тонна экспорт жасалды. 

Қытайдан Түркияға 90 пойыз 1800 вагон және 2 мың 164 контейнермен 91 мың 500 тонна  жүк келді. 



Ұқсас жаңалықтар