Қорғаныс және авиация өнімдері экспортында АҚШ бірінші орында

Сауда министрлігі қорғаныс және авиация саласының экспорт көрсеткіштерін жариялады.

1636024
Қорғаныс және авиация өнімдері экспортында АҚШ бірінші орында

Түркия жылдың алғашқы 4 айында шамамен 1 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнеркәсібі өнімдерін экспорттады.

АҚШ 386 миллион 100 мың долларлық саудамен экспортта бірінші орын алды.

Сауда министрлігі мен Түркия Экспорттаушылар мәжілісі жариялаған мағлұматтарға қарағанда елдің сәуір айындағы экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 109 пайызға өсіп, 18,8 миллиард долларға жетті. Бұл барлық уақыттағы ең жоғары экспорттық көрсеткіш ретінде тіркелді. Қаңтар-сәуір аралығында Түркияның экспорты 68,8 миллиард долларды құрады.

Қорғаныс және авиация өнеркәсібі өнімдерінің экспорты жылдың алғашқы төрт айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 47,7 пайызға өсіп, 949 миллион 744 мың доллар болып жүзеге асты.

Ең көп экспорт жасалған елдер тізімінде 56 пайыз өсіп, 386 миллион 113 мың долларлық экспорт жасалған АҚШ бірінші орынға көтерілді.

АҚШ-тың артынан 117 миллион 315 мың долларлық экспортпен Әзербайжан екінші орын алды.

Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің Әзербайжанға жылдың алғашқы 4 айында өткен жылдың қаңтар-сәуір кезеңімен салыстырғанда экспорт мөлшері 1 234 пайызға өсті.

Ең көп экспорт жасалған елдер қатарында Әзербайжанның артынан кезегімен Біріккен Араб Әмірліктері 90 миллион 299 мың доллармен үшінші, Бангладеш 57 миллион 827 мың доллармен төртінші және Германия 50 миллион 14 мың доллармен бесінші орындарды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар