Министр Пекжан экспорттың артқанын айтты
Наурыз айында экспорт 2020 жылмен салыстырғанда 42.2 пайыз артып, 18 миллиард 985 миллион долларға жетті.
Наурыз айында экспорт 2020 жылмен салыстырғанда 42.2 пайыз артып, 18 миллиард 985 миллион долларға жетті. Осылайша ең жоғарғы айлық экспорт өресіне жетті.
Сауда министрі Рухсар Пекжан Түркия Экспортшылар Мәжілісінің төрағасы Исмайл Гүллемен бірге Сауда министрлігінде өткізген баспасөз мәслихатында наурыздағы сыртқы сауда санағын жариялады.
Наурыз айында экспорт 2020 жылмен салыстырғанда 42.2 пайыз артып, 18 миллиард 985 миллион долларға жеткенін айтқан Пекжан:
"Ел көлемінде жаңа типті коронавирус індетінің жаһандық қиындықтарына қарамай өсу мен экспорт нысаналарымызды орындап, жалғасты ілгерлейміз" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Еуроодақтың Түркиямен сауданы арттырғысы келетінін айтты
Сауда министрі Өмер Болат бас қала Анкарада Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын бағалады.