Салда көліне саяхатшылар саны шектелді
Жылда бір жарым миллион туристі күтіп алған "Ақ Аралдар" аймағына бұдан кейін 570 мың кісі қабылданады.
Бурдурдың Йешилова ауданындағы ақ құмайты және суының көгілдір түсімен "Түркияның Мальдиві" аталған Салда көліне сапарлай келушілер саны шектеледі. Sputnik арнасының хабарына қарағанда Қоршаған орта және қала министрлігінің жұмыстары нәтижесінде жылда бір жарым миллион туристі күтіп алған "Ақ Аралдар" аймағына бұдан кейін 570 мың кісі қабылданатыны хабарланды.
Бір уақытта келген турист саны 540 кісіден аспайтын түрде бақылауға алынады.
Осы саннан артық болған туристер көлдің маңайындағы басқа алаңдарға жолданып, сезімтал өңірлер қорғалады.
"Ақ Аралдар" аймағында көлге және жағажайға көліктердің кіруі шектелді.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбулда Түркия-Венгрия Fintech (қаржылық технологиялар) ынтымақтастығы
Венгрия Fintech қауымдастығының төрағасы Золтан Акс Түркияның үлкен нарық екенін айтты.
Түркия жаңа мұнай кен орындары үшін жұмыстарын жалғастыруда
Түрік мұнай акционерлік қоғамы Эгей теңізіндегі 9 кен орнында мұнай іздейді.