180 елге 900 мың көлік экспорт етілді

Ердоған: "Автомобиль өндірісінде 10 айда Еуропада лидер, әлемде алғашқы 5 орынды иелеуді нысанаға алдық" деді.

1602450
180 елге 900 мың көлік экспорт етілді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркиядан өткен жылы 5 құрлықтағы 180 елге 900 мыңнан астам көлік экспорт етілгенін айтты.

Ердоған Президенттік сарайда Форд автомобиль өнеркәсібі жиналысында сөз сөйледі.

Президент Ердоған:

"Форд автомобиль өнеркәсібі инвестициясы болашақ автомобиль өнеркәсібінде электрлі және байланысты сауда көліктерінің ең ірі өндіріс орталығы Түркия болады" деді. 

Президент Ердоған:

"Түркия өткен жылы 5 құрлықтағы 180 елге 900 мыңнан астам көлік экспорт етті. Форд автомобиль өнеркәсібі ие болған экспорт күшімен осы инвестиция арқылы кіріс тепе-теңдігімізге үлкен үлес қосады" деп көрсетті.

Түркияның автомоблиь жобасы дамығанын айтқан Ердоған:

"Алғашқы тізбекті өндіріс көліктерін 2022 жылдың соңында дайындауды күтудеміз. Электр байланысты және жалпы сауда көліктері өндірісінде алдағы 10 айда Еуропада лидер, әлемде алғашқы 5 орынды иелеуді нысанаға алдық" деді.

Ердоған Түркияны әлемдегі маңызды батарея өндіріс орталығына айналдыруға бел байлағандарын атап айтты.   



Ұқсас жаңалықтар