Анадолыдан 178 елге миллиард долларлық экспорт жасалды

Анадолыдан осы мезгілдегі экспорттың 36.8 пайызы Орта Шығыс елдеріне жасалды.

1598163
Анадолыдан 178 елге миллиард долларлық экспорт жасалды

Оңтүстік шығыс Анадолы аймағы биылғы қаңтар мен ақпан айларында 178 елге бір миллиард 629 миллион 723 мың долларлық экспорт жасады. Экспорттың үштен бірі Орта Шығыс елдеріне жолданды. 

Оңтүстік шығыс Анадолы Экспортшылар одағының санағына қарағанда ақпан айында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 17 пайыздық артумен 838 миллион 953 мың долларлық сауда жасаған Оңтүстік шығыс Анадолы аймағы биылғы қаңтар мен ақпан айларында жылдық 14.1 пайыздық артумен бір миллиард 629 миллион 723 мың долларлық экспорт жасады.

Аймақ экспорты зерттеуінде Орта Шығыс елдері лидерлігін жаңа жылда да жалғастырды.

Аймақтан осы мезгілдегі экспорттың 36.8 пайызы Орта Шығыс елдеріне жасалды.

Орта Шығыс елдерінен кейінгі орынды 19.5 пайызбен Еуропа Одағы елдері иеледі.

Америка құрлығы 15.5 пайызбен үшінші болды.



Ұқсас жаңалықтар