Түркияның маска экспорты артты

Пандемияда жеке гигиена өнімдері мен медициналық өнімдерге қатты сұраныс болды.

1577994
Түркияның маска экспорты артты

Түркияның медициналық маска және одеколон экспорты былтыр 22 есе артты.

Былтыр коронавирус пандемиясымен күрес жүріп жатқанда жеке гигиена өнімдері мен медициналық өнімдерге қатты сұраныс болды.  түркияның бір реткі медициналық маска мен одеколон экспорты да 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 21,6 пайыз артып,  244 миллиард 872 миллион 760 долларға жетті.

Түркия былтыр 135 елге бір рет қолданылатын медициналық маска, 116 елге одеколон сатты.

Түркияның 2020 жылғы бір реткі медициналық маска экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 125 есе өсіп, 216 миллион 678 мың 896 долларды құрады. Былтыр медициналық маскаға ең көп сұраныс Германиядан келді. Осы елге 31,4 миллион долларлық өнім сатылды. Германиядан кейін 25 миллион доллармен Франция, 13,9 миллион доллармен Ливия, 13,8 миллион доллармен Қытай, 12,1 миллион доллармен Румыния келеді.

Түркиядан 2020 жылы ең көп маска сатып алған басқа елдер Ұлыбритания, Нидерланды, Испания, Кувейт және Италия болды.

Түркияның одеколон жкспорты да екі есе артты. Былтыр түрік одеколоннын ең көп сатып алған ел Германия болды.  Осы ел 7,6 миллион долларлық өнім алды. Осы елден кейін Нидерланды, Ирак, АҚШ және Ұлыбритания келеді.



Ұқсас жаңалықтар