Қытай чип импортын арттырды

Қытайдың жылдық чип импорты 20 пайыз артып, 380 миллиард долларға жетті.

1577527
Қытай чип импортын арттырды

АҚШ-тың қытайлық компанияларға санкция жасауы себепті Пекин әкімшілігі чип жинай бастады.

Қытайда дамыған технологияға қол жеткізуде шығуы мүмкін қиыншылықтарға орай чип импорты артты.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті әлем көлемінде үйден және алыстан жұмыстану әдісіне өту себепті компьютер мен ақылды телефонға деген сұраныс артты.

Бұл чип нарқының құны мен маңыздылығын жоғарлатты.

Пекин әкімшілігінің нысанасы алдағы жылдарда жергілікті чип өндіру.

Дегенмен жоғары технологияға ие чип өндіруге ұзақ уақыт жалғасатын инфрақұрылым мен технологиялық инвестиция қажет.

Huawei сияқты қытайлық компаниялардың санкцияға ұшырауы Пекинді чип жинауға иетермеледі. Қытайдың жылдық чип импорты 20 пайыз артып, 380 миллиард долларға жетті.

Қытай тек чип  қана емес, машиналарды да импорт етуде. 

Өткен жылы Жапония мен Оңтүстік Корея елдерінен 32 миллиард долларлық чип машинасын сатып алды.

Чип машиналарының технологиялық жақтан америкалық бәсекелестерінен артта болуы ауыр мәселеге айналды.   



Ұқсас жаңалықтар