Түркияның апельсин экспорты артты

2020 жылы мөлшермен 60 елге апельсин жіберілді.

1576601
Түркияның апельсин экспорты артты

Түркияның 2020 жылғы апельсин экспорты өткен жылмен салыстырғанда 41 пайыз артып,129 миллион долларға көтерілді.

Эгей экспортшылар одағының санақтарына қарағанда Түркияның 2019 жылғы апельсин экспорты 91 миллион 492 мың доллар болып тіркелді. 

Ковид-19 эпидемиясына қарамастан апельсинге деген сұраныс өте көп болды. 

2020 жылы мөлшермен 60 елге апельсин жіберілді. 

Апельсин экспортында Ресей 63 миллион 482 мың доллармен бірінші орынды иеледі. 

 



Ұқсас жаңалықтар