Шетелдік экономисттер Орталық банк басшысын мақтады

Жаңа инфляция стратегиясын ашық және түсінікті деп бағалады.

1572942
Шетелдік экономисттер Орталық банк басшысын мақтады

Шетелдік экономисттер Түркия Республикасы Орталық банкінің төрағасы Наджи Агбалдың жылдың Инфляция рапортына байланысты жиналыстағы ұстанымының табысты екенін білдірді. «Bluebay» автивтерді басқару ұйымының стратегисті Тимоти Аш ТР Орталық банк төрағасы Агбалдың тамаша перформанс көрсетінін білдіріп: «Міндетке келгелі бері істері мен сөздері орынды.  Агбал сенімді арттырады. Орталық банкте сенімділігін арттырып келеді» деді.

«BBVA Research» зеттеу ұйымының төрағасы Альваро Ортиз де әлеуметтік желіден хабарлама жариялап: «ТР Орталық банкі жұмыстарды реттеп бастады. Жаңа ақша стратегиясына байланысты күдігі барларға жаңа инфляция рапортының видеосын қарап шығуға кеңес беремін. Өте ашық және түсінікті стратегия» деп жазды.

ТР Орталық банк басшысы Наджи Агбал өзінің баяндамасында инфляцияның жылдың аяғында 9,4 пайыз, 2022 жылы 7 пайыз болатынын болжап отырғандарын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар