Түркияның ащы бұрышы 107 елге экспорт етілді

Чили бұрышы экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 30 пайыз артты.

1563822
Түркияның ащы бұрышы 107 елге экспорт етілді

Түркиядан 2020 жылы жасалған Чили бұрышы экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 30 пайыз артты.

Түркияда өндірілген және тағамдардың бас тартылмас дәмдеуіштерінің бірі Чили бұрышында экспорт 2020 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 30 пайыз артып, 7 миллион 637 мың долларға жетті.

Оңтүстік Шығыс Анадолы экспортшылар одағының деректеріне қарағанда,  2019 жылы Түркиядан 5 миллион 876 мың долларлық ащы бұрыш экспорты жасалды. 2020 жылы болса экспорт 30 пайыз артты.

Германия, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, Швеция, Канада, Италия, Америка, Камерун, Венгрия,  Эквадор Гвинеясы, Танзания, Эстония, Конго, Папуа Жаңа Гвинея, Вьетнам, Эфиопия, Коста-Рика, Габон және Румыния секілді 107 елге 2 мың 571 тонна Түркияның бұрышы сатылды.

Эскпортта бірінші орынды Германия алды.  Артынан Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания келеді.



Ұқсас жаңалықтар