Түркияның АҚШ және Қытайға экспорты артты

Түркияның Америка Құрама Штаттары және Қытайға жасалған экспорты өткен жылы жаңа типті коронавирус індетіне қарамастан артты.

1560329
Түркияның АҚШ және Қытайға экспорты артты

Түркия экспортшылар мәжілісінің санақтарына қарағанда Түркияның  2019 жылы 7 миллиард 893 миллион 415 мың доллар болған экспорты 12,2 пайыз артып, 2020 жылы 8 миллиард  859 миллион 344 мың долларға көтерілді.

Қытайға өткен жылы жасалған саудасы да 2,8 пайыз артып,  2 миллиард 582 миллион 580 мың доллардан  2 миллиард 654 миллион 539 мың долларға шықты.

Америка Құрама Штаттарына өткен жылы ең көп экспортты 951 миллион 71 мың доллармен автокөлік индустриясы жүзеге асырды.

 



Ұқсас жаңалықтар