Шығыс Қаратеңіз өңіріндегі экспорт артты

Шығыс Қаратеңізіндегі  4 провинциядан 2020 жылы жасалған экспорт 1,3 миллиард доллар болды.

1558637
Шығыс Қаратеңіз өңіріндегі экспорт артты

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағы басқару алқасы төрағасы Саффет Калионжу Трабзон, Ризе, Артвин және Гүмүшханеден өткен жылы 1 миллиард 319 миллион 80 мың 205 долларлық экспорт жасалғанын білдірді. 

Аталмыш кезеңде аймақ экспортының 1 миллиард 60 миллион 832 мың 478 долларлық бөлімінің Трабзоннан жүзеге асырылғанын түсіндірген Калионжу Ризеден 164 миллион 195 мың  399, Артвиннен 55 миллион 440 мың 764 және Гүшүшханеден 38 миллион 612 мың  565 долларлық экспорт жасалғанын айтты. 

Аймақ экспортында өткен жылы 694 миллион 978 мың 741 долларлық үлеспен орман жаңғағы өнімдерінің бірінші орынды иелегенін баяндаған Калионжу екінші орынды 197 миллион 363 мың 78 доллармен көкөніс өнімдерінің, үшінші орынды 128 миллион 370 мың 391 доллармен тау-кен металлургия саласындағы өнімдерінің және төртінші орынды 108 миллион 539 мың 123 доллармен су өнімдерінің иелегенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар