Түрік ағымы арқылы 5.8 миллиард текшеметр газ тасымалданды

Түрік ағым Ресейдің газын Түркияға және Түркия арқылы Еуропаға жеткізуде.

1556549
Түрік ағымы арқылы 5.8 миллиард текшеметр газ тасымалданды

Ресейдің табиғи газын Түркияға және Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Түрік ағым мұнай құбыр желісінен Еуропаға 2020 жылы 5.8 миллиард текшеметр газ тасымалданды.

Түрік ағым Газ тасымал компаниясы Оңтүстік ағым компаниясына қарасты Кыйыкөй Газ алу терминалынан қабылданған газды кемелді және үзіліссіз түрде Болгарияның Истранка өлшеу және компрессорлық стансасына дейін жеткізді. 

Осылайша Түрік ағымнан 2020 жылы тасымалданған 5.8 текшеметр табиғи газ Болгария, Грекия, Македония және Румыниядағы тұтынушыларға жеткізілді.

Ресейдің Анапа қаласынан Кыйыкөйге созылған ұзындығы 930 километр екі теңіз жолы желісі мен ұзындығы 142 және 70 километр екі бөлек құрлық желісінен құралған Түрік ағым 2019 жылы 30 желтоқсанда газ айдауға дайындалып, президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин тарапынан 2020 жылы 8 қаңтарда тұсауы кесілген болатын.

Әрбір желіден 15.75 миллиард текшеметр, жалпы 31.5 миллиард текшеметр газ сыйымдылығына ие Түрік ағымның алғашқы желісі Түркияға газ жеткізіп отыр. Екінші желі арқылы Құбыр желілері мен Мұнай тасымалдау компаниясы (Боташ) және Газпромның тең ортақтығында құрылған Түрік ағым Газ тасымалдау компаниясы тарапынан Еуропаға газ тасымалдануда.    



Ұқсас жаңалықтар