Әлем миллиардерлері байлығын арттырды

Ковид-19 індетіне қарамай 2020 жылы миллиардерлер тізіміне енгендердің байлығындағы жалпы арту 31 пайызға жеткен.

1556537
Әлем миллиардерлері байлығын арттырды

Әлемдегі ең бай 500 адам 2020 жылы да байлықтарына байлық қосты.

Бломберг Миллиардерлер индексінің санағына қарағанда әлемнің байлары жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің көлеңкесінде өткен 2020 жылы да  байлықтарын арттырған. 

2021 жылдың алғашқы күндерінде жаңаланған тізімге қарағанда Ковид-19 індетіне қарамай 2020 жылы миллиардерлер тізіміне енгендердің байлығындағы жалпы арту 31 пайызға жеткен. Бұл 8 жылдан бері жарияланып келе жатқан индекс тізіміндегі ең көп арту болғаны білдірілді.

Алғашқы 5 кісінің байлығы 100 миллиард доллардан асқаны тіркелген тізімде Амазонның құрушысы Джефф Безос 190 миллиард доллар, Tesla және SpaceX  директоры Илон Маск 170,  Microsoft компаниясының құрушысы Билл Гейтс 132, француз іскер Бернард Арнаулт 144,  Facebook компаниясының құрушысы Марк Цукерберг 104 миллиард долларлық байлыққа ие екені хабарланды.

Тізімдегі алғашқы 10 кісінің 8-і технология компанияларына ие екені назар аударды. Алғашқы орындағы Безос пен Масктың соңғы 12 айда байлығына 217 миллиард доллар қосқаны анықталды. 



Ұқсас жаңалықтар