Туниске 150 миллион долларлық экспорт жасалды

Исмаиль Демир 5 фирмамен жиыны 150 миллион долларлық экспортқа қол қойғанын мәлімдеді.

1551835
Туниске 150 миллион долларлық экспорт жасалды

Түркия қорғаныс өнеркәсібі Туниспен қорғаныс саласында 150 миллион долларлық келісімге қол қойды. 

Экспорт етілетін өнімдер арасында ұшқышсыз әуе көлігі, сауытты көлік және электроникалық жүйелер бар. 

Түркия мен Тунис арасында ұйымдастырылған қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастық жиналысы видеоконференция арқылы өткізілді. 

Түркия Авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ) тарапынан өндірілген  "ANKA-S" ұшқышсыз әуе көліктері (İHA) алғаш рет Туниске экспорт етілуде. Тунис Түркиядан  "ANKA-S", сауытты көлік, танкер және электроникалық жүйелерді сатып алды.  

Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаиль Демир 5 фирмамен жиыны 150 миллион долларлық экспортқа қол қойғанын мәлімдеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар