Қытайға жеткен алғашқы экспорт пойызы

Стамбұл Черкезкөйден шыққан экспорт пойызы Қытайдың Шиан қаласына жетті.

1550520
Қытайға жеткен алғашқы экспорт пойызы

Сауда министрі Рухсар Пекджан түрік өнімдерінің теміржолымен Қытайға 13 күнде жетудің қуанышын сезініп жатқандарын айтты. 

Стамбұл Черкезкөйден шыққан экспорт пойызы Қытайдың Шиан қаласына жетті. Министр Пекджан экспорт пойыздың қарсы алуы рәсіміне видеоконференция арқылы қатысты. 

Пекджан Түркиядан жолғаға шығып, Грузия, Әзербайжан, Каспий теңізі және Қазақстаннан өткен және мөлшермен  8 мың 700 километрлік жос басқан экспорт пойызының Түркиядан Азия және Қиыр Шығысқа теміржолы тасымалдаулары тұрғысынан өте керемет бір бастама екенін білдірді. 

Пекджан бұдан кейін жалғасатын пойыз сапарларының Түркияның экспортымен қатар Түркия-Қытай арасындағы саудаға, тіпті жаһандық саудаға үлес қосатынын үміт еткенін баяндады.

Министр Пекджан Азия мен Еуропа арасында бір көпір болуы себепті Түркияның лигистика және тасымалдау тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екенін түсіндірді. Пекджан осы аяда "Бір белдеу, бір жол" жобасын Түркияның өзгешеліктерімен өзара мүнддеге айналдыратын ең маңызды жобаның бірі ретінде қарағандарын атап өтті. 

Рухсар Пекджан әсіресе Қытайға жетуде маңызды түйін болған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісіндегі жұмыстарға да көңіл бөлгендерін және қолдағандарын айтты. 

Сауда министрі Рухсар Пекджан "Түрік өнімдерінің Ұлы Жібек жолында темір жолы арқылы әлемнің ең үлкен нарықтарының бірі болған Қытайға 13 күнде жетудің қуанышын сезінудеміз" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар