Түркия мен Индонезияның сауда көлемі артады

Министр Чавушоғлу Түркия мен Индонезияның сауда көлемін арттыруы керектігін білдірді.

1549840
Түркия мен Индонезияның сауда көлемі артады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ іссапармен алдыңғы күні Индонезияға барды. 

Чавушоғлу сапар аясында "Kompas" газетіне сұхбат берді. Чавушоғлу мәлімдемесінде  екі ел қарым-қатынастары, инвестиция және сауда ынтымақтастығы сынды тақырыптарға тоқталды. 

Министр Чавушоғлу Түркияның Индонезиядағы сауда және инвестиция көлемінің қалаған деңгейге жетпегенін баяндап, екі елдің экономикалық жақтан көптеген әлеуетке ие екенін түсіндірді. 

Чавушоғлу "Түркия мен Индонезия сауда көлемін арттыруы керек. Сол үшін ынтымақтастық жасауға мұқтажбыз" деді.

Министр Чавушоғлу екі ел қарым-қатынастарының стратегиялық бір деңгейге көтерілгенін баяндап, "Осы аяда екі лауазым иелерінің ынтымақтастыққа  бағытталған жұмыстары бар . Қазір Түркия мен Индонезия арасындағы  Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық саммитіне дайындалып жатыр " деді. 

Мәвлүт Чавушоғлу Түркияның Индонезиямен болған сауда көлемін 10 миллиард долларға шығаруды көздегенін де атап өтті. 

Қорғаныс өнеркәсібінің де байланыстарды күшейтуге болатын секторлардың бірі екенін түсіндірген Чавушоғлу "Түркия ең керемет қорғаныс өнеркәсібіне ие елдің бірі" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар