Түркия 41 елге цитрус экспорт етті

Қыркүйек пен қазанда 36 мың 273 тонна өнім сатылып, 17 миллион 740 мың 800 доллар кіріс кірді.

1523306
Түркия 41 елге цитрус экспорт етті

Түркиядан 2020-2021 экспорт маусымының алғашқы екі айы қырүкйек пен қазанда 41 елге жеміс-жидек сатылды. 

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының мәліметіне қарағанда 1 қыркүйектен бастап цитрус (мандалина-апельсин-лимон) экспорт маусымының алғашқы екі айында 36 мың 273 тонна өнім сатылып, 17 миллион 740 мың 800 доллар кіріс кірді. 

Осы маусымда 41 елге жасалған экспортта Ресей Федерациясы алғашқы орынды иеледі. 

Ресей Федерациясына қыркүйек-қазан айларында 12 миллион 232 мың 342 долларға 24 мың 614 тонна цитрус экспорт етілді.

Украина бір миллион 487 мың 665 доллармен екінші, Ирак 762 мың  131 доллармен үшінші орынды алды. 



Ұқсас жаңалықтар