Әлемдік банк пен IMF жиналысы кешікті

Әлемдік банк пен Халықаралық Ақша қоры жылдық жиналыстарын Ковид-19 індеті себепті 12 ай кешіктірді.

1522689
Әлемдік банк пен IMF жиналысы кешікті

Әлемдік банк тобы мен Халықаралық Ақша қоры (IMF) жаңа типті коронавирус  (Сovid-19) індеті себепті 2021 жылы қазанда Маракконың астанасы Маракеш қаласында өткізілуі жоспарланған жылдық жиналыстарын 2022 жылға кешіктіргенін хабарлады.

Әлемдік банк тобы мен Халықаралық Ақша қорынан (IMF) бір уақытта жасалған мәлімдемеде жылдық жиналыстарының  2 жыл арты-артынан  Вашингтондағы IMF-те және Әлемдік банк орталығында, 3 жылда бір мүше елдердің біреуінде өткізілгені ескертілді.

Мәлімдемеде 2021 жылы қазанда Маракконың астанасы Маракеш қаласында өткізілуі жоспарланған Әлемдік банк тобы мен Халықаралық Ақша қоры (IMF) жылдық жиналыстарының Ковид-19 індеті себепті 12 ай кешіккені жеткізілді.    



Ұқсас жаңалықтар