Түркия Бельгияға 936 тонна шай экспорт етті

Түркия экспорттан 12 миллион 182 мың 162 долларлық кіріс түсірді.

1506044
Түркия Бельгияға 936 тонна шай экспорт етті

Түркиядан осы жылдың 9 айында Бельгия секілді 105 елге 12 миллион 182 мың 162 долларлық шай экспорт етілді.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда 2020 жылы қаңтар-қыркүйекте 105 елге 3 мың 109 тонна шай сатылды. 

Экспорттан 12 миллион 182 мың 162 долларлық кіріс түсірді. 

Өткен жылдың бірдей мезгілінде 3 мың 88 тонна шайдан 10 миллион 771 мың  525 долларлық кіріс түсірілгеніне қарайтын болсақ, шай экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда көлем жағынан 0,7 пайыз , құндық жағынан 13 пайыз артты. 

Түркияның шай экспортында 3 миллион 991 мың 715 доллармен Бельгия бірінші орынды иеледі. Бұл елге 936 тонна шай экспорт етілді. 

Одан кейін ретімен 1 миллион 659 мың доллармен Германия екінші, 864 мың 594 доллармен Америка үшінші орын иеледі.  



Ұқсас жаңалықтар