Румыния Түркияның табиғи газ тапқанына қуанды

Румыния министрі Вирджил Дэниел Попеску: "Түрік достарымыздың Қаратеңізде табиғи газ тапқанына қуандық" деді.

1486571
Румыния Түркияның табиғи газ тапқанына қуанды

Румыния Экономика, Энергия, Еңбек және Қоршаған орта министрі Вирджил Дэниел Попеску Түркияның Қаратеңізде табиғи газ тапқанына қуанышта болғандарын айтты.

Интернет арқылы ұйымдастырылған FOREN 2020 конференциясында сөйлеген Румыния министрі Вирджил Дэниел Попеску:

"Түрік достарымыздың Қаратеңізде табиғи газ тапқанына қуандық. Болгарияның да табиғи газ тапқанына қуандық" деді және Қаратеңіз аймағымен мақтанатындарын білдірді.

Қаратеңіз аймағының жаңа табиғи газ резервтерін ұсынғанын айтқан Попеску энергия әлемінің назары тың тапқырлықтарымен осы аймаққа ауатынын атап өтті.   



Ұқсас жаңалықтар