Бір миллиард долларға көкөніс экспорт еттік

Биыл 7 айда 171 елге бір миллиард 24 миллион долларлық жеміс пен көкөніс өнімдері экспорт етілді.

1481618
Бір миллиард долларға көкөніс экспорт еттік

Таза жеміс-жидек және көкөніс өнімдері экспорты бір миллиард доллардан асты. 

Эгей Жеміс және көкөніс экспортшылар одағының төрағасы Хайреттин Ұчак таза жеміс-жидек пен көкөніс  өнімдері экспортының  бір миллиард доллардан асқанын хабарлады.

Ұчак жазбаша мәлімдемесінде таза жеміс-жидек және көкөніс өнімдері экспортының 1 қаңтар мен 28 тамыз арасында 6 пайыз артып бір миллиард 24 миллион долларға жеткенін білдірді. 

Хайреттин Ұчак аталмыш кезеңде ең көп экспорт етілген өнім кептірілген қызанақ, жеміс қабықтары, жеміс шырындары және концентраттары, су және газды ішімдіктер, тұздалған көкөністер, қызанақ шырыны, көкөніс консервілері болғанын жеткізді.

Өнім экспортының 40 пайызы Эгей аймағынан жасалғанын айтқан Ұчак:

"Алғашқы 7 айда Германияға 143 миллион доллар, АҚШ-қа 106 миллион доллар, Иракқа 91 миллион доллар, Ұлыбританияға 67 миллион доллар, Голландияға 59 миллион доллар, жалпы 171 елге экспорт жасалды" деді.   



Ұқсас жаңалықтар