American Airlines 19 мың кісіні жұмыстан шығарады

American Airlines компаниясы Ковид-19 себепті 19 мың қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлады.

1479082
American Airlines 19 мың кісіні жұмыстан шығарады

Америка әуежолы компаниясы American Airlines 19 мың қызметкерін жұмыстан шығарады.

Америка әуежолы компаниясы жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің авиация кәсібіне болымсыз әсері себепті 19 мың қызметкерін қазан айында жұмыстан шығаратынын хабарлады.

Америка әуежолы компаниясы American Airlines басшысы Доуг Паркер  тақырыпқа байланысты компания қызметкерлеріне жолдаған хатында 1 қазаннан бастап қызметкерлердің азайтылатынын жеткізді.

Хатында қыркүйек айының соңына дейін індеттің тоқтауы және әуежолы саяхат сұраныстарының қалыпқа түсуі  күтілгенін, алайда жағдайдың бұлай болмағанын айтты.

Әуежолы компаниясы пайдаланған Жалақы қолдау бағдарламасының уақыты ұзартылса, жұмыстан шығарудың тоқтайтыны білдірілді.

Америка әуежолы компаниясы American Airlines өткен ай Ковид-19 індетінің экономикалық әсері себепті 25 мың қызметкердің жұмысы қауіпте екенін жариялаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар