Түркияның тері экспорты

803 миллион долларлық тері экспорты жүзеге асырылды.

1477761
Түркияның тері экспорты

Қаңтар айынан бері 803 миллион долларлық экспорт жасаған тері секторы биылдың соңында 1,5 миллиард долларға жетуді көздеуде.

Стамбул тері және тері өнімдері экспортшылары одағының төрағасы Мұстафа Шеноджак 1 қаңтар-18 тамыз күндері арасында тері және тері өнімдері экспортының 803 миллион доллар болғанын білдірді. «18 тамыз күнгі деректерге қарағанда,  жылдың басынан бері аяқкиім өнімдері экспорты 514 миллион доллар,  жартылай өңделген/аяқталған тері және өңделген тері және тон өнімдерінің эксопрты да 87 миллион доллар болды» деді ол.

Тері секторының 200-ден астам елге экспорт жасағанын білдірген Шеноджак осы кезеңде сауда жасалған алдынғы қатардағы он ел арасында Германия,  Ресей, Италия, Ирак, Испания, Франция, Ұлыбритания, Голландия,  Румыния және Америка Құрама Штаттары бар екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар