Інжір экспорты артты

Ең көп нжір Германияға экспортталды.

1476827
Інжір экспорты артты

Түркия інжір өндіруде әлемдік лидер.  Биыл да маусым берекетімен басталды.

Балғын інжір экспорты басталған 26 шілдеден 17 тамыз күніне дейін 22 күнде 5 миллион 143 мың долларлық экспорт жасалды.

Інжір экспортында бірінші орында Германия келеді.  Германияға 1 миллион 359 мың долларлық інжір сатылды.  Осы елден кейін 1 миллион 70 мың доллармен Ресей және 804 мың доллармен Гонгкок келеді.  Өткен маусымда 730 мың 208 долларлық экспорт жасалған Ресейге биыл інжір экспорты 46 пайыз артты.

Қазірге дейін экспортта көбіне інжірдің «сарылоп» түрі жолданды. Бурса аймағында өнім жинау басталғаннан кейін «Бурса қарасы» түрі де экспортталады.

Айдында інжір экспорттайтын Хакан Арыкан «Өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыз артық сұраныс бар.  Коронавирус себебімен азаматтар табиғи өнімдерге бет алды» деді.



Ұқсас жаңалықтар