Lufthansa Австрия, Бельгия және Швейцариядан жәрдем алады

Lufthansa компаниясы бөлімшелері тұрған елдердің қаржылай жәрдемін қабылдайды.

1475207
Lufthansa Австрия, Бельгия және Швейцариядан жәрдем алады

Германияда үкімет неміс әуежолы компаниясы Lufthansa-ның Австрия, Бельгия және Швейцарияда тұратын бөлімшелерінің мемлекеттік жәрдем алуына жасыл шырақ жаққанын хабарлады.

Германия Экономика министрлігінен жасалған мәлімдемеде Неміс Экономикалық тұрақтылық қорының  (WSF) Lufthansa-ның аталған үш елдің қаржылай жәрдемін қабылдауын орынды деп қарағаны білдірілді.

Басқа елдердің компанияға бағытталған кепілдіктерін ризалықпен қабылдағаны  білдірілген мәлімдемеде Германия үкіметінің компанияға бағытталған құтқару бағдарламасының осы елдерге де орай жаратқаны және Еуропа комиссиясымен кездесулерде аталмыш елдердің меммлекеттік жәрдем ұсыныстарын қабылдайтыны хабарланды.   

Lufthansa жаһандық саяхат шектемелеріне себеп болған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті басталғаннан кейін күйреуге жақын қалған болатын. 

Неміс үкіметі 9 миллиард евролық құтқару пакетімен қамдап, компанияны қорғап қалған еді.   



Ұқсас жаңалықтар