Ливия Түркияға рейстерін қайтадан бастады

Ливия әуе жолы фирмалары 4 ай үзілістен кейін алғаш рет Түркияға рейстерін қайтадан бастады.

1462452
Ливия Түркияға рейстерін қайтадан бастады

Ливия әуе жолы фирмалары жаңа қоронавирус індеті шаралары аясында 4 айдан астам уақыттан бері рейстерді тоқтатқан еді. Ливия әуе жолы фирмалары 4 ай үзілістен кейін алғаш рет Түркияға  рейстерін қайтадан бастады.  

Халықаралық Мисрата әуежайынан жасалған жазбаша мәлімдемеде жеке "Libyan Wings Airlines" фирмасына тиесілі ұшағының азаматтық авиация ұйымы тарапынан дайындалған тізім бойынша алғашқы рейстің жүзеге асырылғаны білдірілді. Алғашқы рейстің Түркияға жасалғаны баяндалды. 

Мәлімдемеде екінші рейс үшін үкіметке қарасты "Afriqiyah Airways " фирмасына тиесілі ұшақтың рейс дайындықтарының тамамдалғаны мәлімденді. 

Ливия үкіметі жаңа короновирус індеті шаралары аясында 15 наурыз күні төтенше жағдай жариялап, құрлық және әуе желістерінің жабылғанын жариялаған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар