Израиль табиғи газ келісімін мақұлдады

Израиль үкіметі Шығыс Жерорта теңізі Табиғи газ құбыр желісі жобасы келісімін мақұлдады.

1457847
Израиль табиғи газ келісімін мақұлдады

Израиль үкіметі Шығыс Жерорта теңізі газын Еуропаға тасымалдауды нысанаға алған Грекия және Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігімен қол қойылған Шығыс Жерорта теңізі Табиғи газ құбыр желісі (East-Med) жобасы келісімін мақұлдады. 

Израиль Энергия министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде үкіметтің Шығыс Жерорта теңізі табиғи газ құбыр желісін салу үшін қаңтар айында Грекия және Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігімен қол қойылған келісімді мақұлдағаны хабарланды.

Израиль Энергия министрі Юваль Штайниц үкіметтің келісімді мақұлдауына байланысты бағаландыруында мұның Израильдің энергия экспорт ететін елге айналуы үшін маңызды бір қадам болғанын айтты. 

Аталмыш жобаның 6-7 жылда аяқталуы және мөлшермен 7 миллиард долларға бітуі күтілуде.

Еуропа Одағы тарапынан қолдау тапқан жобалар арасына енген құбыр желісінің құрылысында  техникалық және қаржылай қиыншылықтар болатыны білдірілді.

Мамандар құбыр желісінің тек қана Израильде анықталған газ байлығынан алынған табиғи газбен қамдалуы мүмкін емес деп қарауда. Құбыр желісіне Мысыр газы қосылса да, жобаның жалғастылығы үшін аймақта жаңа газ қабаттарының табылуы керек екені білдірілуде.      



Ұқсас жаңалықтар