Экспорт маусымда 15.8 пайыз артты

Түркияның экспорты өткен айда 2019 жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда Еуропа Одағына мүше 27 ел ішінде 20-шы болды.

1452264
Экспорт маусымда 15.8 пайыз артты

Түркияның экспорты өткен айда 2019 жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда Еуропа Одағына мүше 27 ел ішінде 20-шы болды. 

Түркияның экспорты өткен ай 15.8 пайыз артты және 13 миллиард 469 миллион доллар кіріс кірді.

Маусым айында басталған қалыпқа түсу процесімен бірге Түркия әрі жаһандық саудада, әрі Еуроодақпен саудада даму көрсетті.

Өткен ай Еуроодаққа мүше 27 елдің 20-сына сауда жасады.

Түркия Экспортшылар мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның 27 Еуроодақ еліне өткен жылы маусымда 4 миллиард 931 миллион 553 мың доллар болған саудасы биыл 5.7 пайыз артып, 5 миллиард 214 миллион 537 мың долларға көбейді.

Ең көп экспорт 230.34 пайыздық артумен Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігіне жасалды. Хорватияға экспорт 55.49 пайыз, Эстонияға 47.50 пайыз, Литваға  47.46 пайыз, Финлияндияға 41.11 пайыз артты.

Еуроодақ елдерінен ең көп экспорт Германияға жасалды. Одан кейінгі орындарды Италия, Франция, Испания және Голландия иеледі.      



Ұқсас жаңалықтар