Автомобиль өнеркәсібі рекорд экспорт жасады

Автомобиль өнеркәсібі өткен ай 2 миллиард 16 миллион мың доллармен ең көп экспорт жасаған кәсіпорын болды.

1447901
Автомобиль өнеркәсібі рекорд экспорт жасады

Автомобиль өнеркәсібі өткен ай 2 миллиард 16 миллион мың доллармен ең көп экспорт жасаған кәсіпорын болды. 

Түркия Экспортшылар мәжілісінің санды мәліметіне қарағанда автомобиль өнеркәсібінен кейінгі орынды бір миллиард 425 миллион 451 мың доллармен химиялық материалдар мен өнімдері иеледі.

Үшінші кезекті бір миллиард 357 миллион 642 мың долларлық экспортпен дайын киім және конфекция өнімдері алды.

Маусым айында  ең көп экспортты арттырған сала 69.3 пайызбен жаңғақ және жаңғақ өнімдері болды.

Түркияның жалпы экспортының 76 пайызын орындаған өнеркәсіп тобы 15.2 пайыздық артумен 10 миллиард 238 миллион 725 мың долларлық экспорт жасады.

Экспорт ең көп жасалған алғашқы үш ел қатарымен бір миллиард 293 миллион доллармен Германия, бір миллиард 13 миллион доллармен Ұлыбритания және үшінші орында 792 миллион доллармен АҚШ болды. 



Ұқсас жаңалықтар