Милас-Бодрум әуежайына алғашқы ұшақ қонды

Германияның Ганновер әуежайынан 84 жолаушысымен ұшқан Sunexpress әуежайына қарасты ұшақ келіп қонды.

1444115
Милас-Бодрум әуежайына алғашқы ұшақ қонды

Жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті аясында басталған қалыпқа түсу процесінде Мугладағы Милас-Бодрум әуежайына шетелден алғашқы ұшақ келді.

Германияның Ганновер әуежайынан 84 жолаушысымен ұшқан Sunexpress әуежайына қарасты ұшақ келіп қонды.

Жолаушы ұшағы әуежай алаңында өрт сөндіру тобының сумен өнер көрсету салтанатымен күтіп алынды.

Милас ауданының әкімі Ерен Арслан әуежайда барлық сақтық шараларының жасалғанын және шетелден ұшақ рейстерінің 26 маусымда басталғанын айтты. 

Түркияда тұруға және жұмыстануға виза алған Иран азаматтары да 26 маусым күні ұшақпен Стамбұлға келді.

Астана Тегераннан ұшқан Иран Мерадж әуе жолдарына қарасты ұшақ Стамбұл әуежайына келіп қонды. 

Жолаушылар әуежайда денсаулық тексеруінен өтті.      



Ұқсас жаңалықтар