2020 жылы инвестиция мөлшері 40 пайыз төмендейді

БҰҰ биыл жаһандық тікелей шетелдік инвестициялардың 40 пайыз азаюы күтілгенін хабарлады.

1437312
2020 жылы инвестиция мөлшері 40 пайыз төмендейді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және Өркендеу конференциясы (UNCTAD) биыл жаһандық тікелей шетелдік инвестициялардың жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себеп болған экономикалық әлсіреудің әсерімен 2019 жылмен салыстырғанда 40 пайыз азаюы күтілгенін хабарлады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және Өркендеу конференциясы (UNCTAD) 2020 Әлем инвестиция рапортын жариялады. Рапортта өткен жылы 1.54 триллион доллар болған жаһандық тікелей шетелдік инвестициялардың биыл 40 пайыз азайып, 2005 жылдан бері тұңғыш рет 1 триллион доллардан төмендейтіні білдірілді.

Аталмыш инвестициялардың 2021 жылы 5 немесе 10 пайыз тағы төмендейтіні мөлшерленген рапортта инвестициялардың 2022 жылы оңала бастайтынына меңзелді.

Коронавирустың таралуын тосу үшін эксономикалық іс-шараларды азайтудың қазіргі инвестиция жобаларын бәсеңдеткені білдірілген рапортта:

"Ауыр бір құлдырау мүмкіндігі халықаралық компанияларды тың жобаларды қайта қарауға бағыттауда. Үкіметтердің дағдарыс кезіндегі саяси шараларында жаңа инвестиция шектемелері бар" деп көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар